Түрік әскери делегациясы Әзербайжанда

Ильхам Әлиев Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар бастаған түрік әскери делегациясын қабылдады.

1915143
Түрік әскери делегациясы Әзербайжанда
akar-zakir hasanov.jpg
akar-aliyev1.jpg
akar-aliyev.jpg

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар және онымен бірге келген Түрік Қарулы Күштерінің  қолбасшыларын қабылдады.

Бас қала Бакудегі Президенттік сарайда өткен қабылдауда Акар түркі әлемінің ұлы және дана көшбасшысы Гайдар Әлиев алға қойған «бір ұлт, екі мемлекет» түсінігімен екі ел арасындағы бауырластықтың жалғасып жатқанын атап көрсетті.

Әзербайжанның Жеңіс күнімен құттықтаған Акар «Әзербайжан әскері 44 күнге созылған Отан соғысымен жаулап алған жерлерін басып алудан азат етті. Жеңіске жетуге күш-қуаттарының бар екенін және түріктердің күшін бүкіл әлемге паш етті» деген сөздер қолданды.

Министр Акар «Әзербайжан бауырларымызбен ынтымақтастығымызды жалғастырудамыз. Әскери білім саласындағы ынтымақтастық пен кеңес беру және қорғаныс өнеркәсібінде не істей алатынымызды бірге ақылдасып шешеміз» деп көрсетті.

Ұлттық Қорғаныс министрі Акар одан кейін  Әзербайжан Қорғаныс министрі Закир Хасановпен кездесті.

Хулуси Акар «Түркия ретінде Әзербайжан бауырларымызбен осы уақытқа дейін болғандай, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, біреке-бірлігімізді жалғастырамыз. Біз әрқашан қымбатты Әзербайжанның жанындамыз. Әзербайжан ешқашан жалғыз емес» деген сөздер қолданды.

Хасанов та Түркия мен Әзербайжан қорғаныс министрліктері арасындағы ынтымақтастықтың артып келе жатқанын атап өтіп, Акарға қолдауына орай алғыс айтты.



Ұқсас жаңалықтар