Ердоған Түркияның дамуына тоқталды

Президент Ердоған «Ұлттық табыстың сатып алу паритеті бойынша біз 11-ші орынға көтерілдік» деді.

1915469
Ердоған Түркияның дамуына тоқталды

Президент Режеп Тайып Ердоған қазір саясатта, экономикада, дипломатиялық және әскери стратегияларда өз шешімдерін қабылдайтын, өз инфрақұрылымын жасайтын және өз мақсаттарын анықтайтын Түркия екенін айтты.

Президент Ердоған Түркияның жұмыс берушілер кәсіподақтары конфедерациясы бас ассамблеясында ел астанасы Анкарада сөз сөйледі.

Ердоған соңғы 20 жылда жасаған демократия мен даму серпілістерінің экономикада да, өмірдің барлық саласында да тарихи өзгерістерге әкелгенін түсіндірді.

Президент Ердоған «Ұлттық табыстың сатып алу паритеті бойынша біз 11-ші орынға көтерілдік. Бірақ біз мұны жеткілікті деп санамаймыз. Біз жүзеге асырған экономикалық бағдарламамызды табысты етіп, жаһандық дағдарыстарды мүмкіндіктерге айналдырып, бірге күш салып, елімізді әлемнің үздік 10 экономикасының қатарына қосуға атсалысудамыз» деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар