Ибрахим Калын террорист туралы мәлімдеме жасады

Калын Стамбулдағы лаңкестік әрекеттің артында PKK/YPG-нің тұрғанына нақты дәлелдер бар екенін айтты.

1914757
Ибрахим Калын террорист туралы мәлімдеме жасады

Президенттік баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Сирияның солтүстігі, шығысы, батысы немесе Түркия шекарасына жақын аймақтардағы бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG элементтерінің Түркия үшін заңды нысана екенін білдірді.

Калын орталығы Катарда болған «Әл-Жазира» арнасында қатысқан бағдарламада күн тәртібіне қатысты сұрақтарға жауап берді.

13 қарашада Стамбулдағы Истиқлал даңғылында 6 адамның қаза тауып, 81 адамның жараланған лаңкестік әрекетіне қарсы Түркияның Сирия мен Ирактың солтүстігіне жасаған әуе операцияларына тоқталған Калын, бұл террористердің әуе немесе құрлық операциялары арқылы залалсыздандырылатынын айтты.

Калын Стамбулдағы лаңкестік әрекеттің артында PKK/YPG-нің тұрғанына нақты дәлелдер бар екенін және бомбаны орналастырған террористке көмектескендердің де ұсталғанын еске салды.

PKK-ның соңғы жылдары тактикасын өзгерткенін айтқан Калын «Террористер әртүрлі ұлт өкілдерін пайдалануда» деді.



Ұқсас жаңалықтар