Мевлүт Чавушоғлу Римге барды

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Италияның бас қаласы Римге барды.

1914084
Мевлүт Чавушоғлу Римге барды

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу 8-ші Жерорта теңізі диалог форумына қатысу үшін Италияның бас қаласы Римге барды.

Римде өтетін 8-ші Жерорта теңізі диалог форумына қатысатын министр Чавушоғлу ертең  Арнайы диалог отырысында аймақтық және халықаралық мәселелерге қатысты Түркияның сыртқы саясатын түсіндіреді.

Министр Чавушоғлұның сапары аясында қатысушы елдердің әріптестері және халықаралық ұйым өкілдерімен де кездесуі күтілуде.



Ұқсас жаңалықтар