Акар одақтас елдерді ынтымақтастыққа шақырды

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Чанаккаледе мәлімдеме жасады.

1913948
Акар одақтас елдерді ынтымақтастыққа шақырды

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Түркияның одақтастарын  «(Ирак пен Сирияда) террористтерге жасаған қолдаударыңыз баршаға аян» деп сынға тартып,  ынтымақтасу күшінің Түркия Республикасы мемлекеті екенін білдірді.

Министр Хулуси Акар Чанаккаледе мәлімдеме жасады.

Ирактың солтүстігінде бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ға қарсы жүргізілген «Пенче-Кылыч» операциясы аясында осы уақытқа дейін 491 террористтің залалсыздандырылғанын атап көрсеткен Акар «Терроризге  рұқсат бермедік, бермейміз» деді.

Сирияның солтүстігінде террор ұйымы ДАИШ-пен күресіп жатқан жалғыз армияның Түрік Қарулы Күштері екенін түсіндірген Акар «4500 ДАИШ террористін залалсыздандырған түрік армиясы болып табылады» деген сөздер қолданды.

«Біздің Ресей, Америка Құрама Штаттары және басқа одақтас елдердің бізбен өзара түсіністік туралы меморандумдары бар» деп ескерту жасаған  Акар бұл елдерге уәделерді орындауға шақырды.



Ұқсас жаңалықтар