Түркияда ДАИШ қолдаушыларының активтері бұғатталды

ДИАШ террор ұйымымен байланысы бар 17 жеке тұлға мен 4 заңды кісінің Түркиядағы мал-мүлкі бұғатталды.

1913388
Түркияда ДАИШ қолдаушыларының активтері бұғатталды

Түркия ДАИШ террористік ұйымымен байланысы бар кейбір жеке және заңды тұлғалардың террористік ұйымдарды қаржыландыратыны туралы ақылға қонымды негіздердің бар екеніне байланысты активтерін бұғаттау туралы шешім қабылдады.

Қазына және Қаржы министрлігі дайындаған «Активтерді шектеу туралы шешім» Ресми газеттің бүгінгі санында жарияланғаннан кейін күшіне енді.

Шешімге негізделгенде Террорисзмді қаржыландырудың алдын алу жайлы заң аясында «терроризмді қаржыландыру» қылмысына жататын әрекеттерді жасауы себепті  ДИАШ террор ұйымымен байланысы бар 17 жеке тұлға мен 4 заңды кісінің Түркиядағы мал-мүлкі бұғатталды. 

Активтері бұғатталған ДАИШ-ке қатысы бар нақты тұлғалар Махер Дугайм, Хасан Дгаим, Бадеа Хакми, Наджиб Балек, Мұстафа Арджа, Радван Саксоук, Мохамед Алла Саксоук, Хасан Саксоук, Хусейн Хусейн, Халед Саксоук, Мхд Ратеб Саксоук, Мхд Ратеб Саххабул, Ахмед, Меджид Сукарие, Ясир Кибар, Ихсан Махди Салих Салих, Имед бен Салах.

ДАИШ-пен байланысы бар заңды тұлғалар тізімінде "DXN" Милано комиссия компаниясы, Ал Марал Экспорт-импорт компаниясы, "Rsakuk Gold International" Экспорт-импорт өнеркәсіп сауда компаниясы және "Universal Logistic" Экспорт-импорт жәрмеңке организациялық сауда компаниясы қатарлылар тіркелді.



Ұқсас жаңалықтар