«TRT World Forum 2022» Cтамбулда өтеді

Президент Режеп Тайып Ердоған форумға қатысып, баяндама жасайды деп жоспарланды.

1912836
«TRT World Forum 2022» Cтамбулда өтеді

«TRT World Forum 2022» 9-10 желтоқсан күндері Стамбулда «Болашақты қалыптастыру: Белгісіздіктер, шындықтар және мүмкіндіктер» тақырыбымен өтеді.

Түркия Телерадио корпорациясының (TRT) мәлімдемесіне сәйкес, жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) індетіне байланысты 2020 және 2021 жылдары онлайн түрде өткізілген «TRT World Forum»  биыл әлемнің түкпір-түкпірінен маңызды тұлғаларды қабылдайды.

Осы жылы 34 елден 100-ге жуық спикердің қатысуымен алтыншы рет ұйымдастырылатын «TRT World Forum» әлемнің түкпір-түкпірінен көшбасшыларды, сарапшыларды, ғалым және танымал есімдерді бір жерге жинап, жаһандық мәселелерді талқылап, шешімдер ұсынуды мақсат етеді.

Форумда энергетикадан жаһандық көші-қон дағдарысына, азық-түлік қауіпсіздігінен исламофобияға дейінгі көптеген мәселелер ашық сессиялар мен дөңгелек үстел кездесулерінде талқыланады.

Президент Режеп Тайып Ердоған форумға қатысып, баяндама жасайды деп жоспарланды.

«TRT World Forum 2022» үшін www.trtworldforum.com сайтында тіркелуге болады.



Ұқсас жаңалықтар