Министр Чавушоғлу Бухарестте баспасөзге мәлімдеме жасады
Чавушоғлу: «НАТО одақтастарынан қолдау күтеміз».

ТР Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Түркияның Сирияның солтүстігіндегі бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG-ге қарсы құрлық операциясымен байланысты «Түркияның алдын алу туралы әрекеттер көріп отырмыз. НАТО одақтастарынан қолдау күтеміз» деді.
Чавушоғлу Румынияның бас қаласы Бухарестте өткен НАТО Сыртқы істер министрлері жиналысының артынан баспасөз мәслихаты өткізді.
Америка Құрама Штаттарынан (АҚШ) бастап «Сириядағы лаңкестердің нысандарына әуе шабуылы жасаңыз, құрлықтан кірмеңіз!» сиқты сөйлемдермен Түркияның алдын алу туралы әрекеттер көріп отырмыз. Біз НАТО одақтастарынан қолдау күтетінін білдірді.
Чавушоғлу «Кейбір одақтастардың, әсіресе АҚШ-тың Сириядағы лаңкестік ұйымдарға берген қолдауы анық. Сондықтан мұндай қолдауды доғарсын дейміз» деді.
Швеция және Финляндиямен жасалған үш жақты келісімді бағалаған Чавушоғлу «Басылған қадамдарды және Швециядағы жаңа үкіметтің табандылығын бұрынғы үкіметке қарағанда әлдеқайда батыл екенін атап өттік және оларды құптағанымызды айттық. Дегенмен қылмыскерлерді ұстап беру, террористік активтерді бұғаттау сияқты елдегі (Швеция) лаңкестік әрекеттері жалғасуда, оларды тоқтату сынды мәселелерде нақты қадам көрмегенімізді жеткіздік» деді.
Түркия 28 маусым күні Испанияның Мадрид қаласында өткен НАТО саммитінде мүшелікке өтініш берген Финляндия мен Швецияны вето етті. Террор ұйымдарын ашық қолдайтын екі елмен хаттамаға қол қойған Анкара берілген уәделердің орындалуын күтуде.
Ұқсас жаңалықтар

Түркия мен Индонезия келісімге қол қойды
Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар мен Индонезия Қорғаныс министрі Прабово Субиантомен кездесті.