Чавушоғлу әріптестерімен кездесті

Мевлүт Чавушоғлу Эстония және Португалия Сыртқы істер министрлерімен бас қосты.

1912806
Чавушоғлу әріптестерімен кездесті

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу НАТО Сыртқы істер министрлері жиналысы үшін барған Румынияның астанасы Бухарестте Эстония Сыртқы істер министрі Урмас Реинсалу және Португалия Сыртқы істер министрі Жоао Гомес Кравиньомен кездесті.

Министр Чавушоғлу Twitter парақшасында эстониялық әріптесі Реинсалумен НАТО-ның кеңеюін және Украинадағы соғысқа байланысты соңғы оқиғаларды талқылағанын айтты.

Чавушоғлу португалиялық әріптесі Кравиньомен НАТО-ның кеңеюі мен Украинадағы соғысқа байланысты соңғы оқиғаларды және екі жақты экономикалық қарым-қатынастарды талқылағандарын атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар