Чавушоғлу бірқатар елдің сыртқы істер министрімен сөйлесті

Чавушоғлу НАТО Сыртқы істер министрлері жиналысына қатысу үшін Румынияның астанасы Бухарестке барды.

1912923
Чавушоғлу бірқатар елдің сыртқы істер министрімен сөйлесті
hollanda wopke hoekstra-cavusoglu.jpg
cavusoglu bukres'te estonya urmas reinsalu.jpg

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу НАТО Сыртқы істер министрлері жиналысына қатысу үшін Румынияның астанасы Бухарестке барды. Чавушоғлу бұл жерде Эстония Сыртқы істер министрі Урмас Реинсалу, Португалия Сыртқы істер министрі Жоао Гомес Кравиньо, Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Джеймс Клеверли және Голландия Сыртқы істер министрі Вопке Хоекстрамен кездесті.

Министр Чавушоғлу Twitter парақшасында эстониялық әріптесі Реинсалумен НАТО-ның кеңеюін және Украинадағы соғысқа байланысты соңғы оқиғаларды талқылағанын айтты.

Чавушоғлу португалиялық әріптесі Кравиньомен екі жақты экономикалық қарым-қатынастарды талқылағандарын атап өтті.

Мевлүт Чавушоғлу британдық әріптесімен кездесуіне қатысты «Біз Украинадағы соңғы оқиғаларды, экономикалық және қорғаныс саласындағы ынтымақтастығымызды қолға алдық» деп көрсетті.

Чавушоғлу Голландиялық әріптесі Хоекстрамен кездесуінде Украинадағы оқиғалар мен НАТО-ның кеңеюі талқыланды.

Сыртқы істер министрі Чавушоғлу Иран Сыртқы істер министрі Хусейн Эмир Абдуллахиян және Түрікменстан Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен  телефон арқылы сөйлесті.

Министрліктен алынған мәліметке қарағанда Чавушоғлу Абдуллахиянмен телефондағы әңгімеде алдағы кезеңде жүзеге асырылатын өзара сапарларға дайындықты талқылады.

Министр Чавушоғлу Мередовпен әңгіме барысында  Түркия-Әзербайжан-Түркіменстан үшжақты саммитінің дайындықтарын талқылады.



Ұқсас жаңалықтар