Түрік Қарулы Күштері қолбасшылары жиналыс өткізді
Министр Акар жиналыста терроризммен күрес операцияларына қатысты соңғы жағдай туралы ақпарат алып, іс-шараларға қатысты нұсқаулар берді.

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акардың төрағалығымен Түрік Қарулы Күштері қолбасшылығы мен бөлімше қолбасшыларының қатысуымен бейнеконференция отырысы өтті.
Министрлік жасаған мәлімдемеге қарағанда жиналысқа Бас Штаб төрағасы генерал Яшар Гүлер, министр орынбасарлары Юнус Эмре Караосманоғлу, Алпаслан Каваклыоғлу, Мухсин Дере, Құрлық күштері қолбасшысы генерал Мұса Авсевер, Әуе күштері қолбасшысы генерал Атилла Гүлан, Теңіз күштері қолбасшысы адмирал Ержумент Татлыоғлу және бөлімше командирлері қатысты.
Министр Акар жиналыста терроризммен күрес операцияларына қатысты соңғы жағдай туралы ақпарат алып, іс-шараларға қатысты нұсқаулар берді.
Ұқсас жаңалықтар

Түркия мен Индонезия келісімге қол қойды
Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар мен Индонезия Қорғаныс министрі Прабово Субиантомен кездесті.