Иордания Сенатының төрағасы Ердоғанды мақтады

Файыз «Режеп Тайып Ердоған қазір Ресей мен Украина арасындағы көзқарастарды жақындатуда маңызды рөл атқаруда» деді.

1912529
Иордания Сенатының төрағасы Ердоғанды мақтады

Иордания Сенатының төрағасы Файсал әл-Файыз президент Режеп Тайып Ердоғанның Ресей мен Украина арасындағы көзқарастардың жақындасуында маңызды рөл атқарғанын айтты.

Иордания Сенатының төрағасы Файыз Анадолы агенттігіне жасаған мәлімдемесінде елінің 24 ақпанда басталған Ресей-Украина соғысына қатысты ұстанымының анық және дәйекті екенін, Иордания королі Абдалла II талай рет «Бұл соғыстың жеңімпазы болмайды. Бейбітшілік шешім жолын іздестіру керек» деп айтқанын жеткізді.  

Файыз Түркияның Ресей-Украина соғысындағы дағдарысты шешудегі рөлін жоғары бағалады.

Файыз «Режеп Тайып Ердоған қазір Ресей мен Украина арасындағы көзқарастарды жақындатуда маңызды рөл атқаруда» деді.

Соғыстарда әрқашан жеңілген тараптың халық болатынын баса айтқан Файыз өз елінің халықаралық және аймақтық деңгейде түрлі мәселелерде де рөл атқаратынын айтты.

Иордания мен Түркия арасындағы қарым-қатынастардың әсіресе көшбасшылар деңгейінде «мықты» екенін атап көрсеткен Файыз екі елдің атқарушы және заң шығарушы органдары арасындағы өзара сапарлардың да қарым-қатынастарды нығайту үшін маңызды екенін білдірді.

Жалпы алғанда шешімге жетудің ең жақсы жолы диалог екенін атап көрсеткен Файыз «Түркия араб елдерімен ынтымақтаса отырып, аймақтық мәселелерді шешуде оң рөл атқара алады» деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар