Гамбия вице-президенті Түркияны мақтады
Джуф Қаратеңіз астық дәлізі келісімінің мұқтаж ұлттардың мәселесіне шешім тапқанын айтып, Түркияны мақтады.

Гамбия вице-президенті Бадара Джуф Қаратеңіз астық дәлізі келісімінің мұқтаж ұлттардың мәселесіне шешім тапқанын айтып, Түркияны мақтады.
Ислам саудасын дамыту орталығы, Ислам елдерінің стандарттар және метрология институты бірлесе отырып ұйымдастырған Дүниежүзілік халал саммиті мен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының 9-шы Халал Экспо жәрмеңкесінде Бадара Джуф Анадолы агенттігіне мәлімдеме жасады.
Түркия мен Гамбияның өте жақын қарым-қатынаста екенін және президенттердің бұрын өзара кездескендерін еске салған Джуф «Қауіпсіздік, ауылшаруашылық, білім беру және медицина сынды көптеген саладарда ынтымақтастығымыз бар. Екі ел қарым-қатынасатры тұрғысынан бұл ынтымқатсаттықтарды дамыту ойымыз бар. Сондақтан мен қазір президентіміздің атынан Түркиядамын» деді.
Гамбияның ауылшаруашылық өндірісінде елеулі әлеуетке ие екеніне назар аударған Джуф технологиялық қолдау көрсете алатын Түркияның көмегімен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан өзін-өзі қамтамасыз ететін елге айнала алатындарын айтты.
Президент Режеп Тайып Ердоғанның астық дәлізі келісіміндегі рөлінің маңыздылығына тоқталған Джуф «Президент Режеп Тайып Ердоғанды Гамбия халқы атынан Ресей мен Украина арасында қол қойылған астық дәлізі келісіміне араағайындық жасағаны үшін құттықтаймын. Осы келісімнің арқасында сол астыққа зәру ұлттарды асырауға болады. Бұл үлкен гуманитарлық қозғалыс. Бұл күшті басшының ғана қолынан келетін істер. Бұл соғыста президент Режеп Тайып Ердоған өте маңызды істер атқарды» деген сөздер қолданды.
Ұқсас жаңалықтар

Хакан Фидан Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті
Телефон әңгімесінде Газадағы соңғы оқиғалар мен Сириядағы жағдай талқыланды.