Украинадан жетім балалар Түркияға жеткізілді

Анкараға жеткен балалардың ең кішісі - 10 айлық сәби.

1910832
Украинадан жетім балалар Түркияға жеткізілді

34 жетім бала Украинадан Түркияға жеткізілді.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның жұбайы, бірінші ханым Емине Ердоған 2 қазанда Стамбулдағы Вахдеттин сарайында қонақта болған Украина президенті Владимир Зеленскийдің жұбайы Елена Зеленскамен соғыс құрбаны әйелдер мен балалардың жағдайын талқылаған болатын.

«Түркия процестің басында болғандай бейбітшілік орнату жолындағы дипломатиялық күресін барлық салада жалғастырады» деген еді.

 Ал Зеленска болса Түркияның отбасынсыз қалған 1300 украиндық баланы қабылдағанына риза екенін білдіріп, Емине Ердоғаннан ерекше қажеттіліктері бар 200-ге жуық  баланы эвакуациялау және Түркияға әкелу үшін көмек сұраған болатын.

Зеленсканың көмек сұрауына қатысты алғашқы нақты қадам кездесуден шамамен 2 ай өткен соң басылды.

Украинаның Одесса қаласындағы «Сонечко» балалар үйінен 34 жетім ел астанасы Анкараға эвакуацияланды.

Ең кішісі 10 айлық балалардың денсаулығын тексеруден кейін оңалту процесі басталды.

Олена Зеленска бұл туралы  Twitter-дегі парақшасында жариялады. «Балалардың қауіпсіздігі – біздің басты міндетіміз» деген ол эвакуацияның ел басшыларының жұбайлары арасындағы ынтымақтастықтың маңызды үлгісі екенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар