Ердоғанның бейне жолдамасы

Ердоған ұлы және қуатты Түркияны құрғанша күресті табанды түрде жалғастыратындарын білдірді.

1911056
Ердоғанның бейне жолдамасы

Президент Режеп Тайып Ердоған ұлы және қуатты Түркияны құрғанша күресті табанды түрде жалғастыратындарын білдірді.

Президент Ердоған Белсенді кәсіпкерлер қоры мен Түрік Жастар Қоры ұйымдастырған «Түркия кәсіпкерлері жиналысы мен 9-шы Іскерлерді марапаттау рәсіміне» бейне жолдама жіберді.

Ердоған өз жолдауында адамзат ретінде жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) індетімен басталып, кейін Ресей мен Украина арасындағы шиеленіспен тереңдей түскен ауыр кезеңді бастан өткеріп жатқанын айтты.

Дамыған елдер де бар көптеген экономиканың инфляциядан рецессияға, жұмыссыздықтан энергетика және азық-түлік дағдарысына дейін бұрын соңды көрмеген күрделі мәселелермен бетпе-бет келгенін еске салған Ердоған «Эпидемия процесін сәтті басқарған Түркия осы эпидемиядан кейінгі қиындықтарды жеңіп келеді. Инвестициялар, жұмыспен қамту, өндіріс, экспорт және ағымдағы профицит арқылы өсуге негізделген экономикалық үлгіміздің барлық салада оң әсерінің куәсі болып отырмыз. Ковид-19 індеті әлемдік экономикаларды қатты әлсіреткен жағдайда біз G-20-дағы ең жылдам дамып келе жатқан елдердің қатарында орын алдық. Өткен жылы өсу қарқынымыз 11 пайыз болса, осы жылдың алғашқы тоқсанында 7,5 пайызды құрады. Жұмыс күшіне қатысу көрсеткіші өскеніне қарамастан, біз жұмыспен қамтудағы 31 миллион шегінен астық» деген сөздер қолданды.

Түркияның экспортта ай сайын жаңа рекорд жасап, мақсаттарға нық қадам басқанына назар аударған Ердоған «Сонымен қатар, біз инвестициялық қозғалыстарымызды үздіксіз жалғастыруға үлкен мән береміз. 29 қазанда отандық электромобиль шығаратын TOGG зауытын ашу арқылы біз ұлтымыздың 60 жылдық арманын тағы да жүзеге асырдық. Сейсенбі күні еліміздің ең үлкен бөгеті Юсуфелі бөгеті мен су электр стансасының ашылуына қатты қуандық.

Біз Түркия ғасыры көзқарасымыздың нақты жобаларын бірінен соң бірін жүзеге асыру арқылы жолымызды жалғастырудамыз. Біз ұлы және қуатты Түркияны құрмайынша тоқтамай, табандылықпен күресімізді жалғастырамыз деп үміттенеміз. Терроризмнің немесе террористік ұйымға қолдау көрсеткен империалистік қарақшылардың бізді жолымыздан тайдыруына жол бермейміз. Сіздердің, жас кәсіпкерлеріміздің қолдауы және үлесімен XXI ғасырды Түркияның ғасыры ететінімізге шын жүректен сенемін» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар