"Кубамен ынтымақтастықты нығайтуға ерік-жігер бар"

Президент Ердоған Куба президентімен кездесті.

1910297
"Кубамен ынтымақтастықты нығайтуға ерік-жігер бар"

Президент Режеп Тайып Ердоған Кубамен ынтымақтастығын нығайтуға өзара ерік-жігері бар екенін айтты.

Президент Ердоған Түркияға сапармен келген Куба президенті Мигель Марио Диас-Канель Бермудесті ресми рәсіммен қарсы алды.

Одан кейін бетпе-бет кездескен Ердоған мен Бермудес делегациялар арасындағы кездесулерден кейін екі ел арасында жасалған келісімдерге қол қою рәсіміне қатысты.

Артынан  ұйымдастырылған ортақ баспасөз мәслихатында Ердоған Бермудеспен кездесуінде Түркия-Куба қарым-қатынастарын жан-жақты талқылағандарын айтты. "Сондай-ақ біз ынтымақтастығымызды нығайтуға күшті және өзара ерік-жігеріміз бар екенін көруге қуаныштымыз. Біздің қарым-қатынастарымыздың нақты әлеуетінен әлдеқайда төмен болуына бірнеше жылдар бойы Кубаға салынған біржақты санкциялар әсер еткені анық» деді ол.

Ердоған Түркия-Куба арасындағы сауда көлемін Бермудеспен бірге 200 миллион долларға жеткізуге бел байлағандарын атап көрсетті.

"Осы бағытта біз алдымен энергетика, туризм, құрылыс, ауыл шаруашылығы, даму, денсаулық сақтау және қоршаған ортаны қорғау сияқты салалардағы қазіргі ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерін қарастырдық. Санкциялардан туындаған қиындықтарға қарамастан, біздің компаниялардың Кубаға деген қызығушылықтары бар екенін көріп отырмыз» деді президент.

Қонақ президент Бермудес те өз сөзінде «Екі ел арасындағы коммерциялық және қаржылық қарым-қатынастарымыз бен ынтымақтастығымызды одан әрі әртараптандыруға келістік» деді.

Бермудес президент Ердоғанға биотехнология, жаңартылатын энергия көздері, туризм, ауылшаруашылығы, мал шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім және мәдениет салаларында жұмыстарды жалғастыру ниеттерін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар