Жылдың басынан бері 3 585 террорист залалсыздандырылды
Мәжілісте Ұлттық Қорғаныс министрлігінің бюджеті талқына бастады.
Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар 2015 жылдың 24 шілдесінен бері елде, Ирак пен Сирияның солтүстігінде 36 854, биылғы жылдың басынан бері 3 585 террористтің залалсыздандырылғанын мәлімдеді.
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Жоспарлау және бюджет комитетінде Ұлттық Қорғаныс министрлігінің 2023 жылға арналған бюджетін талқылау басталды.
Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар министрліктің 2023 жылға арналған бюджеті туралы баяндамасында күн сайын қабылданған шаралармен тек 1 қаңтардан бастап 234 мың 282 адамның шекарадан өтуіне тосқауыл қойылғанын айтты.
Ирак пен Сирияның солтүстігінде 2015 жылдың 24 шілдесінен бері 36 мың 854 террористтің залалсыздандырылғанын атап көрсеткен Акар биылғы жылдың басынан бері тек 3 мың 585 террористтің залалсыздандырылғанын айтты.
Түрік Қарулы Күштерінің террор ұйымы ДАИШ-пен күресіп жатқан жалғыз армия екенін атап көрсеткен Акар Сирияның солтүстігінде шамамен 4500 ДАИШ террористінің залалсыздандырылғанын білдірді.
Акар шамамен 560 мыңы Идлибке, барлығы 1 миллионнан астам сириялықтың (Түркиядан) өз еркімен, қауіпсіз түрде үйлері мен жерлеріне оралғанын айтты.
Хулуси Акар сонымен қатар астық дәлізі келісімі аясында Украина порттарынан жалпы 12 миллион тонна астықтың мұқтаж елдерге қауіпсіз жөнелтілгенін атап көрсетті.