Түркия Индонезияға көңіл айтты

Түркия Индонезияның Батыс Ява уәлаятында 162 адам қаза тапқан жер сілкінісіне орай көңіл айтты.

1909227
Түркия Индонезияға көңіл айтты

Түркия Индонезияның Батыс Ява уәлаятында болған жер сілкінісіне байланысты көңіл айтты.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде жер сілкінісінен көптеген адамның қаза тапқаны және жарақат алғаны хабарының қайғылы екені білдіріліп:

«Біз қаза болғандардың туыстарына, дос және бауырлас Индонезия халқына және оның үкіметіне шын жүректен көңіл айтамыз, жер сілкінісінде жараланғандарыдң тезірек сауығып кетуін тілейміз» деп жазылды.

Циранджанг қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 18 шақырым жерде 10 шақырым тереңдікте орын алған 5.6 балдық жер сілкінісінде 162 адам қаза тауып, жүздеген адам жараланған болатын.



Ұқсас жаңалықтар