Ердоған Палестина халқына көңіл айтты

Президент Режеп Тайып Ердоған 21 адам қаза тапқан өртке орай  Палестина халқына көңіл айтты.

1907913
Ердоған Палестина халқына көңіл айтты

Президент Режеп Тайып Ердоған Газа секторының солтүстігінде Жабалия босқындар лагерінде бір ғимаратта шыққан және 21 адам қаза тапқан өртке орай  Палестина халқына көңіл айтты.

Президент Ердоған әлеуметтік желідегі парақшасында «Газадағы өрт апатында балалар да бар 21 палестиналық бауырластарымыздың қазасына қатты қайғырдық. Осы қайғылы оқиғада қаза тапқандарға Алланың рақымын, отбасыларына сабыр, жараланғандардың тезірек сауығып кетуін тілеймі. Дос және бауырлас Палестина халқына көңіл айтамын» деді.



Ұқсас жаңалықтар