Ердоғанның "Үлкен жиырмалық" көшбасшылар саммиті хабарламасы

Президент Ердоған Түркияның «Үлкен жиырмалыққа» үлес қосуды жалғастыратынын білдірді.

1907325
Ердоғанның "Үлкен жиырмалық" көшбасшылар саммиті хабарламасы

Индонезияның қонақжайлығында өткен «Үлкен жиырмалық» көшбасшылар саммитінен кейін елге оралған президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның «Үлкен жиырмалыққа» үлес қосуды жалғастыратынын білдірді.

Президент Ердоған әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасалған хабарламада «Біз «Үлкен жиырмалық» көшбасшылар саммитіне орай Индонезияға сапарымызды аяқтап, елімізге оралдық. Жаһандық деңгейде бетпе-бет қалған қиындықтарға қарсы көшбасшылық рөлін сәтті атқарып жатқан Түркия «Үлкен жиырмалыққа» үлес қосуды жалғастырады» деді.

Ердоған хабарламасында түрік жалауы мен «Үлкен жиырмалық» көшбасшылар саммиті аясындағы байланыстарының фотосуреттері орын алған бейне көрініс бөлісті.

Биылғы 17-ші «Үлкен жиырмалық» көшбасшылары саммиті 15-16 қараша күндері Индонезияның Бали аралында «Бірге серпілу-күшті көтерілу» басты тақырыбымен өтті.



Ұқсас жаңалықтар