Стамбулдағы шабуылда әкесі мен 9 жасар қызы мерт болды

Стамбулдағы опасыз шабуыл әкесі мен оның 9 жасар қызын өмірден айырды.

1906016
Стамбулдағы шабуылда әкесі мен 9 жасар қызы мерт болды
yusuf meydan kizi ecrin2.jpg
yusuf meydan kızı ecrin3.jpg

Стамбул Истиклал даңғылындағы террорлық шабуылында әкесі мен 9 жасар қызы мерт болды. Опасыз шабуыл әкесі мен оның 9 жасар қызын өмірден айырды.

Адана Отбасы және әлеуметтік қызметтері басқармасында жұмыс істейтін Юсуф Мейдан мен оның отбасы Стамбулдағы Истиклал даңғылында серуендеп келе жатқан кезде опасыз шабуылдың нысанасына айналды.

Террорлық шабуылда 34 жастағы әкесі мен 9 жасар қызы Эжрин қайтыс болды.

Жарақат алған шешесі  ауруханада емделіп жатыр. Әкесі мен қызы Аданада өтетін рәсімнен кейін жерленеді.

Отбасы және әлеуметтік қызметтер министрі Дерья Янык әлеуметтік желідегі парақшасында «Стамбулдағы опасыз шабуыл туралы қаралы хабарды естіп, қабырғамыз қайысып жүрегіміз ауырды. Біз қызметтесіміз Юсуф Мейдан мен оның қызы Эжриннен айырылдық. Отбасына, туған-туыстарына және қызметтестеріне қайғыра көңіл айтамыз» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар