Месхет түріктері қуғын-сүргінінің 78 жылдығы еске алынды

Сыртқы істер министрлігі еске алу хабарламасы жариялады.

1906181
Месхет түріктері қуғын-сүргінінің 78 жылдығы еске алынды

Түркия Месхет түріктерінің атажұрттарынан қуғын-сүргінінің 78 жылдығында қаза тапқандарды еске алу хабарламасын жариялады.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде 1944 жылы 14 қараша күні 100 мыңға жуық Месхет түріктерінің Грузияның Ахыска аймағындағы ежелгі ата мекендерінен Кеңес Одағының алыс жерлеріне қуғын-сүргінге жіберілгені атап өтілді.

Мәлімдемеде мыңдаған Месхет түркінің жер аудару кезінде қаза тапқаны, тірі қалғандардың өте қиын жағдайда өмір сүруге мәжбүр болғаны, алайда әрқашан түрік болмысын сақтап, болашақ ұрпаққа аманат еткені баса айтылған мәлімдемеде «Түркия саны 500 мыңға жеткен және әртүрлі елдерге тараған месхет түріктерінің жағдайы және атажұртына қайта оралуын жіті қадағалап, жан-жақты қолдау көрсетуде. Осы қасіретті оқиғаның 78 жылдығында Месхет түріктеріміздің қайғысын бөлісіп, қуғын-сүргінде қаза тапқандарға Алладан рақым тілейміз» делінді.

Кеңес Одағы кезінде 1944 жылы 14 қараша күні Сталиннің бұйрығымен қазіргі Грузия шекарасында орналасқан Ахыска өлкесінен Орта Азиядағы Қырғызстан, Қазақстан және Өзбекстан жеріне Месхет түріктері жер аударылған болатын.

Кенеттен үйлерінен көшіріліп, пойыздарға тиелген 90 мыңнан 117 мыңға дейінгі Месхет түркінің көпшілігі жолда ауру мен аштықтан қырылды.

Месхет түріктері 12 жыл бойынша Орталық Азияда қатаң басқару режимінде болып, Кеңес Одағы ыдырағаннан соң мұрағат деректерінде жер аудару саясатының Сталиннің Қаратеңіз жағалауынан түріктерді тазарту әрекетінің бір бастамасы екені анықталды.

Саны 500 мыңға жеткен Месхет түріктері 2004 жылынан бастап Америка Құрама Штаттары (АҚШ) тарапынан «босқын» мәртебесімен қабылдана бастады. АҚШ-тың әртүрлі аймақтарында 20 мыңнан астам Месхет түркі тұрады.



Ұқсас жаңалықтар