Сыртқы істер министрі ТМҰ дайындық жиналысында үн қатты
Чавушоғлу «Түрік әлемі 2040» стратегиялық құжатының маңызды бір қадам екенін атап көрсетті.
Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Стамбул саммитінде қабылданған «Түрік әлемі 2040» стратегиялық құжатының маңызды бір қадам екенін атап, «Тарих өз бағытын түзетіп жатыр. Азия қайтадан алға шығуда» деді.
Өзбекстанның бас қаласы Ташкентте өткен Түрік мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) саммитіне дайындық жиналысында үн қатқан Министр Чавушоғлу Стамбулдағы жиында аймақтағы оқиғаларды бірге талқылағандарын, қиын бір кезеңнің өтілгенін, жақын кеңесулердің жалғастырылу және өздерін күйзелістерге төзімді қылатын орташа және ұзақ мерзімді стратегиялар әзірлеу керектігін тілге тиек етті.
Чавушоғлу «(қараша 2021-де) Стамбул саммитінде біз қабылдаған «Түрік әлемі 2040 стратегиялық құжаты» ұзақ мерзім үшін маңызды бір қадам болды. Мұның алғашқы 5 жылы іске асыру нұсқаулығы болып табылатын стратегиялық құжатты пысықтау кезекті төрағалығымыздың басым бағыттарының бірі болды. Бұлардың орындалуын қамтамасыз ету – біздің ортақ парызымыз. Бұл конъюнктура бізге де мүмкіндіктер береді. Тарих өз бағытын түзеп жатыр. Азия қайтадан алға шығуда» деді.
Әзербайжан-Қазақстан-Өзбекстанмен үштік үдеріске мән бергендерін және мұны жалғастыратындарын атап көрсеткен Чавушоғлу Түркі кеңесінің Түрік мемлекеттері ұйымына айналуының көреген қадамдар жасауды қажет ететінін және кезекті төрағалық міндеті кезінде бұл мәселе бойынша маңызды жұмыстар жасалғанын атап көрсетті.
Түрік Инвестиция қорының құрылуы туралы шешімнің Түркияның кезекті төрағалығындағы маңызды қадамдардың бірі екенін атап көрсеткен Чавушоғлу бұл тақырыпта қонақжайлық жасауға дайын екендерін білдірді.
Сыртқы істер министрі ТМҰ Бас хатшылығы міндетіне басшылардың мақұлдауымен өкілетті елші Кубанычбек Өмірәлиевтің тағайындалатынын атап, өзінің әрқашан оған қолдау беруге дайын екенін тілге тиек етті.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңа табиғи газ қалқымалы платформасы Сингапурдан жолға шықты
Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар мәлімдеме жасады.