Ердоған Есенбоға әуежайында баспасөз жиналысы өткізді

Президент Ердоған: «Ресейдің Херсонға қатысты шешімі оң қадам».

1904596
Ердоған Есенбоға әуежайында баспасөз жиналысы өткізді

Президент Режеп Тайып Ердоған Ресей Қорғаныс министрлігінің Украинаның Херсон қаласынан шығу туралы шешіміне қатысты «Ресейдің Херсонға қатысты шешімі оң қадам» деді.

Түрік мемлекеттері ұйымының 9-шы саммитіне қатысу үшін Өзбекстанға барған президент Ердоған сапары алдында Анкарадағы Есенбоға әуежайында баспасөз мәслихатын өткізді.

24 ақпан күнінен бері жалғасып келе жатқан Ресей-Украина соғысына тоқталған Ердоған Түркияның араағайындық тұрғысынан талпыныстарының тоқтаусыз жалғасып жатқанын атап «Бұған бір күн белгілеу, қашан аяқталар, қашан қалпына келер мұны айту үшін ерте. Дегенмен Ресейдің соңғы Херсонға қатысты шешімі оң және маңызды бір шешім. Үлкен жиырмалыққа Ресей қатыса ма, жоқ па, білмеймін, егер қатысатын болса, онда кездесуге мүмкіндік табамыз деп үміттенемін. Әйтпесе, Ресеймен телефон дипломатиясын жалғастырудамыз. Біз араағайындық жұмыстарымыздың табысты болуын тілейміз. Соғыс үстемдік ететін әлемнен, бейбітшілік үстемдік ететін әлемге көшейік» деді.

Қаратеңіз астық дәлізіне қатысты болса Президент мұның бір көшбасшылық саясаты екенін және не қажет болса Ресей президенті Владимир Путинмен жүзеге асырғандарын білдірді.

Армениямен қарым-қатынастарға тоқталған президент Ердоған бұл елмен соңғы рет Прагада кездескендерін және өздеріне «Әзербайжанмен қарым-қатынастарыңызды оң бағытта жүргізсеңіз, Түркия ретінде Армениямен қарым-қатынасымыз да оң бағытта өрбиді. Сізден осыны күтеміз» дегендерін еске салды.

Диаспораның әрі Франция, әрі Америка Құрама Штаттарында қарама-қайшы қозғалғанын және олардың бұл процеске кері әсер еткенін білдірген Ердоған «Біз жау емес, достасуға тырысамыз. Армян әкімшілігі мұны сәтті орындаса, әрі Лачин, әрі Зәнгезурдың осымен байланысты Әзербайжанмен басатын қадамдары біз басатын қадамдарға оң әсер етеді деп үміттенемін» деді.



Ұқсас жаңалықтар