Ердоған Ульф Кристерссонды күтіп алды

Швеция премьер-министрі Ульф Кристерссонды Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Мұстафа Шентоп та қабылдады.

1903882
Ердоған Ульф Кристерссонды күтіп алды

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияға ресми сапармен келген Швеция премьер-министрі Ульф Кристерссонды астана Анкарадағы Президенттік сарайда ресми рәсіммен күтіп алды.

Екі ел делегациялары таныстырылғаннан кейін президент Режеп Тайып Ердоған мен Швеция премьер-министрі Ульф Кристерссон оңаша бас қосты.

Швеция премьер-министрі Ульф Кристерссон президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Түркияға ресми сапармен келді.

Швеция премьер-министрі Ульф Кристерссонды Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Мұстафа Шентоп та қабылдады.



Ұқсас жаңалықтар