Чавушоғлу азық-түлік қауіпсіздігіне тоқталды

Министр Чавушоғлу Түркияның жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне ең үлкен үлес қосқан ел екенін айтты.

1903745
Чавушоғлу азық-түлік қауіпсіздігіне тоқталды

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Түркияның жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне ең үлкен үлес қосқан ел екенін айтты.

Мевлүт Чавушоғлу елорда Анкарада Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Жоспар және бюджет комитетінде Сыртқы істер министрлігі мен тиісті мекемелердің 2023 жылға арналған бюджетін таныстырды.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның Ресей-Украина соғысының басталуымен екі ел басшыларымен кездесе алатын жалғыз НАТО басшысы екенін атап көрсеткен Мевлүт Чавушоғлу екі елдің сыртқы істер министрлерінің Анталияда кездескенін еске салды.

Тағы да Стамбулда Ресей мен Украина басшыларының кездескенін  айтқан министр Чавушоғлу, Ресей ядролық энергия агенттігі Росатом мен Халықаралық атом энергиясы агенттігі басшыларының да Запорожье атом электр станциясына қатысты алаңдаушылықтарын талқылағанын айтты.

Ердоғанның бастамаларымен де тұтқын алмасулар болғанын білдірген Чавушоғлу сөзін былай жалғастырды: «Біріккен Ұлттар Ұйымымен Стамбул астық келісіміне қол қойдық. Біз жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне ең үлкен үлес қосып отырған елге айналдық. Келісімнің арқасында азық-түлік бағасының әлемдік индексі 9 пайызға төмендеді. Бұл соңғы 13 жылдағы ең үлкен құлдырау болды. Өткен айда болған Африка елдерінде Стамбул астық келісімінің бүкіл әлем үшін қаншалықты маңызды екеніне тағы бір мәрте көз жеткіздік».

Осы аяда Сыртқы істер министрі Чавушоғлу Ердоған мен өізінің БҰҰ, Ресей және Украинадан келген әріпетестерімен кездескенін білдірді.

Чавушоғлу қазір соғысты тоқтату үшін ең көп күш салып жатқан ел Түркия екенін түсіндірді.

Түркияның арадағы әрекеттерінің соңғы уақытта артқанын және нәтиже бере бастағанын атап көрсеткен Чавушоғлу «Бұл жетістік Түркияның жалпы дипломатиясының жетістігі» деп көрсетті.

Министр Чавушоғлу Түркияның жаһандық амбициясы бар актерға айналғанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар