Шырнакта жаңа операция басталды

Операцияның бірінші күнінде Шырнактың орталық ауданындағы Куди тауында 11 баспана мен 10 үңгір анықталды.

1903087
Шырнакта жаңа операция басталды

Шырнақта бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ға қарсы «Ерен аблука Күз-Қыс-11 операциясы» басталды.

Ішкі істер министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда террор ұйымы PKK-ны елдің күн тәртібінен шығару және аймақты паналаған террористтерді залалсыздандыру мақсатында Шырнақта жаңа операция басталды.

«Ерен аблука күз-қыс-11 шейіт жандармерия лейтенанты Исмаил Жан Акдениз операциясына» 615 қызметкер қатысады.

Операцияның бірінші күнінде Шырнактың орталық ауданындағы Куди тауында 11 баспана мен 10 үңгір анықталды.

Бункерлер мен үңгірлерде оқ-дәрілер, жарылғыш заттар, азық-түлік және тұрмыстық заттар тәркіленді.



Ұқсас жаңалықтар