Алтун Швецияның НАТО мүшелік процесін бағалады

Коммуникация басқармасы төрағасы Швецияның "Aftonbladet" газетінде мақала жариялады.

1903130
Алтун Швецияның НАТО мүшелік процесін бағалады

Президент аппаратының жанындағы Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун Швеция премьер-министрі Ульф Кристерссонның Анкараға сапарын елінің НАТО-ға мүшелігі үшін тарихи мүмкіндік екенін атап көрсетті.

Фахреттин Алтунның Ульф Кристерссонның Түркия сапары мен Швецияның НАТО-ға мүшелік процесін бағалаған мақаласы Швецияда шығатын "Aftonbladet" газетінде жарық көрді.

Алтун Швецияда құрылған жаңа үкіметтің маусым айында өткен НАТО саммитінде Мадридте (Финляндия және Түркиямен) қол қойылған меморандумға (үштік) бағынатынын жариялауының болымды бір қадам екенін білдірді.

Премьер-министр Кристерссонның Анкараға сапарын екі жақты қарым-қатынастарды нығайту үшін маңызды мүмкіндік деп қабылдағандарын тілге тиек еткен Алтун «Бұл сапар түрік халқының ‘заңды алаңдаушылығын назарға алғанын’ және ‘Швецияның террор ұйымы PKK-дан бастап лаңкестердің мәжбүрлеуіне бас имейтінін көрсетті’ деп түсінеміз» деді.

Түркияның НАТО-ға мүше болғысы келетін Швециядан өзінің ұлттық қауіпсіздігіне тиісті кейбір саясаттарын қайта қарап шығуын сұрағанын еске салған Фахреттин Алтун «Ең алдымен Швециядан түрік қорғаныс саласына бағытталған әртүрлі шектеулерді алып тастауды сұрадық. НАТО қауіпсіздігіне үлес қосып отырған түрік қорғаныс саласының НАТО-ға мүше болғысы келетін бір мемлекет тарапынан шектеулерге ұшырауының үшін ең жай айтумен дәйексіз бір ұстаным болатыны анық.

Екінші мәселе ондаған мың жазықсыз түрік азаматын шейіт еткен террор ұйымдарының қаржыландыру, үгіт-насихат және адам жинау жұмыстарын Швецияда жалғастыруының ыңғайсыздығы» деді.

Премьер-министр Кристерссонның Анкара сапарын Швецияның НАТО мүшелігі тұрғысынан тарихи бір мүмкіндік деп қарау керектігін атап көрсеткен Алтун Түркияның Швецияның НАТО-ға мүшелік өтінішін Мадридте қол қойылған меморандум аясында нақты қадамдарын басып  баспағанына қарап бағалайтынын тілге тиек етті.



Ұқсас жаңалықтар