Ердоған: «Біз жасаған соңғы «Тайфун» сынағы гректерді есінен тандырды»

Президент Ердоған кеше кешке қатысқан бір телебағдарламада күн тәртібін бағалады.

1901521
Ердоған: «Біз жасаған соңғы «Тайфун» сынағы гректерді есінен тандырды»

Президент Режеп Тайып Ердоған «Сынағы гректерді есінен тандырған «Тайфун» зымыранының 561 шақырым қашықтығы бар, мұны арттырамыз. «Дженк» зымыраны мен «Гезгин» зымыраны сияқты жобалардың да сүйіншісін береміз» деді.

Президент Ердоған кеше кешке қатысқан бір телебағдарламада күн тәртібін бағалады.

Қорғаныс өнеркәсібі басқармасы ұйымдастыруымен «Рокетсан» компаниясы ішінде бірқатар зымыран жобаларының тағы жүзеге асырылатынын айтқан Ердоған «Біз жасаған соңғы «Тайфун» сынағы гректерді есінен тандырды. Жалғасып жатқан кезеңде иншалла бұл қадамдардың бірі ғана және оның қашықтығын енді арттырады деп үміттенемін. Әрине бұл 561 шақырым гректерді әбден Афины оның ауқымында болғандықтан қорқыта бастады. Олар қызыл дабыл берді. Уақыты келгенде «Дженк» зымыраны мен «Гезгин» зымыраны сияқты тағы да көптеген жақсы жаңалықтарды сүйіншілейміз. 2023 жылы да отандық әскери ұшақ ангардан шығады деп үміттенемін. «Хүржет», «Байрактар Қызылалма» әскери пилотсыз әуе көлігі жобалары да қазір жылдамдықпен жалғасуда» деді.



Ұқсас жаңалықтар