Орыс туристтері Грекияның орнына Түркияны таңдады

Мицотакис Грекияның Ресейге салған санкцияларының нәтижесінде орыс туристерінің осы жазда Грекия орнына Түркияны таңдағанын айтты.

1901290
Орыс туристтері Грекияның орнына Түркияны таңдады

Грекия премьер-министрі Кирякос Мицотакис Грекияның Ресейге салған санкцияларының нәтижесінде орыс туристерінің осы жазда Грекия орнына Түркияны таңдағанын айтты.

Мицотакис пен Эстония премьер-министрі Кажа Каллас кеше Эстонияның астанасы Таллинде кездесуінен кейін ортақ баспасөз мәслихатын өткізді.

Мицотакис Грекияның ресейлік туристердің Еуропа Одағына  келуіне тыйым салуды қолдамайтынын мәлімдеді.

Мицотакис «Алайда туристік бағыт ретінде біз Еуроодақпен барлық санкцияларға қосылудың салдарын бастан өткердік. Өйткені осы жазда Грекияға Ресейден іс жүзінде ешкім келмеген, саяхаттағысы келген ресейліктердің барлығы дерлік Түркияға кеткен» деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар