Хулуси Акар астық дәлізі жайлы мәлімдеме жасады

Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар, Қаратеңіз астық дәлізіндегі соңғы жағдай туралы мәлімдеме жасады.

1900928
Хулуси Акар астық дәлізі жайлы мәлімдеме жасады

Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар «Украина порттарынан шыққан кемелер жолын жалғастыруда. Түрік туын желбіреткен кемелердің шығуында еш қиындық жоқ» деді.

Хулуси Акар астана Анкарада астық дәлізіне қатысты баға берді.

Ресейдің 29 қазанда Севастопольдегі шабуылдарға байланысты астық бастамасының уақытша тоқтатылғаны туралы мәлімдемесін еске салған Акар «Осылай қала берсе, астық тасымалы тоқтаса, даму жолындағы елдердегі ауыр аштық мәселесі, бағаның өсуі, саяси тұрақтылықтың нашарлауы оқиғаларға ұласуы мүмкін екенін бәріміз көріп отырмыз. Келісімге қол қойылғаннан кейін бірден астық бағасының күрт төмендеуі мен жеңілдеуі байқалды. Осылай жалғасуын қалаймыз» деді.

Акар Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу, Украина Қорғаныс министрі Алексей Резников және Украина инфрақұрылым министрі Александр Кубраковпен сөйлескенін түсіндірді.

 



Ұқсас жаңалықтар