Түркия Үндістанға көңіл айтты
Түркия Үндістандағы көпір апатында қаза тапқан үшін көңіл айтты.

Түркия Үндістанда аспалы көпірдің құлауы салдарынан қаза тапқандар үшін көңіл айту мәлімдемесін жариялады.
Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Түркия Үндістанның Гуджарат уәлаятында көпірдің құлауы салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және жарақат алғаны жайлы хабарға қайғырғаны білдірілді.
Мәлімдемеде:
«Үндістан халқы мен үкіметіне және қаза тапқандардың отбасыларына шынайы көңіл айтамыз және жараланғандардың тезірек сауығып кетуін тілейміз» деп жазылды.
Гуджарат уәлаятының Морби қаласындағы Маччу өзені арқылы өтетін аспалы жаяу көпір үстінде кемінде 500 адам болған кезде опырылып құлады.
Үнді баспасөзі қаза тапқандар санының 141-ге жеткенін хабарлады.
Ұқсас жаңалықтар

Түркевинде қонақасы берілді
Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Нью-Йорк қаласындағы Түркевинде қонақасы берілді.