Түркия араағайындықта барша әлемге үлгі

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу «Еуропаның тұрақтылығы бәріміз үшін маңызды» деді.

1899961
Түркия араағайындықта барша әлемге үлгі

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Түркияның сыртқы саясаттағы арағайындық тақырыбында барша әлемге үлгі болғанын айтты. 

Мевлүт Чавушоғлу Анталиядағы Акдениз Университетінің оқу жылының ашылу салтанатында сөз сөйледі.

Чавушоғлу Түркияның Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропа Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы және Ислам Ынтымақтастық Ұйымына тең төрағалық еткен жалғыз ел екенін еске салды.

Араағайындық туралы Ресей-Украина, Босния-Герцеговина, Косово-Сербия, Сомали, Филиппин, Палестина және Венесуэлада жасалған жұмыстарды түсіндірген Чавушоғлу тек жақын географияда ғана емес, бүкіл әлемде араағайындық дегенде Түркияның ойға келетінін айтты.

Африкаға кеңею саясатының нақты нәтиже бере бастағанын және серіктестік жобасына айналғанын атап көрсеткен Чавушоғлу 2002 жылы 12 өкілдік санының осы таңда 44-ке жеткенін, сауданың да 4,3 миллиард доллардан 34,5 миллиард долларға өскенін түсіндірді.

Латын Америкасындағы өкілдіктердің болса 6-дан 19-ға, ал сауданың 1 миллиард доллардан 15 миллиард долларға өскенін атап көрсеткен Чавушоғлу «Түркия Еуропа деген сөз» деп Еуропаға ашылу саясатын жариялағандарын да білдірді. .

Чавушоғлу бүгінде Еуропаның орталығында кәдімгі соғыс болып жатқанын және құрлықтың әлсіреуінің Түркияның экономикалық мүдделеріне де қайшы екенін білдірді.

Чавушоғлу «Еуропаның тұрақтылығы бәріміз үшін маңызды» деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар