Путин Ердоғанды жеріне жеткізе мақтады

Ресей президенті Владимир Путин «Президент Режеп Тайып Ердоған күшті және мықты көшбасшы» деді.

1898808
Путин Ердоғанды жеріне жеткізе мақтады

Ресей президенті Владимир Путин «Президент Режеп Тайып Ердоған күшті және мықты көшбасшы. Ол түрік халқының, экономикасының және Түркияның мүддесі үшін күш жұмсайды» деді.

Владимир Путин Халықаралық Валдай пікірталас клубының жылдық жиналысында Ресей мен Түркия арасындағы қарым-қатынасқа баға берді.

 «Екі жыл бұрын сіз Ердоған туралы жақсы сөздер айттыңыз. Ойларыңыз өзгерді ме?» деген сұраққа жауап берген Путин  «Президент Ердоған - күшті және мықты көшбасшы. Ол түрік халқының, экономикасының және Түркияның мүддесі үшін күш жұмсайды. Мұны Ердоғанның энергетика және "Түркі ағыны" табиғи газ құбырының құрылысына қатысты ұстанымы растайды» деді.  

Еуропалық тұтынушылар үшін Түркияда газ орталығын құруды ұсынғандарына назар аударған Путин «Түркия бұл ұсынысты өз мүдделеріне сай қабылдады» деп көрсетті.

Владимир Путин Ресей мен Түркияның туризм, құрылыс және ауыл шаруашылығы салаларында мүдделерінің тоғысатынын айтты.

Ресей президенті «Осы себепті Ердоған өзіне жүк болуына және үшінші елдің мүддесі үшін әрекет етуге жол бермейді. Ол бізбен диалог барысында өз мүддесін де қорғайды. Түркия мен Ердоған бұл тұрғыдан алғанда жай ғана серіктес емес. Көптеген шешімдер ұзақ маңызды келіссөздерде қабылданады. Екі жақтың да келісуге ниеті бар және біз келісімге келе аламыз. Осы тұрғыдан алғанда Ердоған тұрақты және сенімді серіктес. Бұл оның ең маңызды қасиеті» деп көрсетті.

Ердоғанның өз елінің мүддесін қорғайтынын және бұл жағдайда Ресей үшін қиындық тудырмайтынын айтқан Путин сөзін былай  жалғастырды. «Ердоған өз үкіметі орынды деп тапқан шешімдер үшін күресуде. Біз де қабылданған шешімдердің өзімізге сәйкес келуі үшін күресеміз. Біз тіпті ең нәзік мәселелердің шешімін таба аламыз: Сирия, қауіпсіздік, экономика, инфрақұрылым. Осы уақытқа дейін біз мұны істей алдық. Қиын жолмен жүріп, келісімге келе алсақ, оның жүзеге асатынына сенімді бола аламыз. Біздің қарым-қатынастарымыздың ең маңызды ерекшелігі – сенімділік пен тұрақтылық» деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар