ТҚК ливиялық әскери ұшқыштарды дайындайды

Түрік Қарулы Күштері ливиялық әскери ұшқыштарды дайындауға үлес қосады.

1898021
ТҚК ливиялық әскери ұшқыштарды дайындайды
savas ucagi.jpg
dibeybe-akar.jpg

Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар кеше қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі жәрмеңкесі (SAHA EXPO) үшін Түркияға келген Ливия премьер-министрі және қорғаныс министрі Абдулхамид Дибейбемен кездесті.

Ұлттық қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда кешегі кездесуден кейін Түркия мен Ливия арасында екі маңызды келісімге қол қойылды.

Акар мен Дибейбе қол қойған келісімдердің бірі Ливия әуе күштерінің ықпалын арттыруды қамтиды.

«Түркия Республикасы мен Ливия ұлттық бірлік үкіметі арасындағы ұшуды үйрету хаттамасы» аясында Түрік Қарулы Күштерінің ливиялық ұшқыштардың білім алуына үлес қосуы көзделуде.

Қол қойылған басқа қосымша хаттамамен Түркия мен Ливия арасындағы әскери қарым-қатынастарды жақсартуды мақсат етеді.



Ұқсас жаңалықтар