Джеймс Клеверли Түркияға алғыс айтты

Джеймс Клеверли Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлуға Қаратеңіз астық бастамасындағы жұмысы үшін алғыс айтты.

1897676
Джеймс Клеверли Түркияға алғыс айтты

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Джеймс Клеверли Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлуға Қаратеңіз астық бастамасындағы жұмысы үшін алғыс айтты.

Джеймс Клеверли Twitter парақшасында жасаған мәлімдемесінде түрік әріптесі Чавушоғлумен телефон арқылы сөйлескенін білдірді.

Ұлыбритания министрі «Мен оған Ресейдің Украинаға басып кіруінен туындаған азық-түлік қауіпсіздігімен күресу үшін Қаратеңіздегі астық бастамасындағы жұмысы үшін алғыс айттым» деді.

Түркияның жақын серіктес және одақтас екенін атап өткен Клеверли «Біз ортақ жаһандық сын-қатерлерде бірлесіп жұмыс істеуді жалғастырамыз» деп көрсетті.

Сыртқы істер министрлігі таратқан ақпаратта министр Чавушоғлұның ағылшын әріптесі Клеверлимен телефон арқылы сөйлескені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар