ТҰҰМ төрағасы Шентоп украин әріптесімен бас қосты

ТҰҰМ төрағасы Мұстафа Шентоп және Украина Парламент төрағасы Руслан Стефанчук Загребте бас қосты.

1897432
ТҰҰМ төрағасы Шентоп украин әріптесімен бас қосты

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Мұстафа Шентоп Түркияның аймақтық бейбітшілікке барынша үлес қосуға дайын екенін айтты.

Хорватияның бас қаласы Загребте болған Мұстафа Шентоп Украина Парламенті төрағасы Руслан Стефанчукпен бас қосты.

Украинаның түкпір-түкпірінде жасалған шабуылдарда бейбіт тұрғындарды аяусыз нысанаға алудың қабылданбайтынына тоқталған Шентоп «Түркияның Украинаның шекара тұтастығына, тәуелсіздігіне және егемендігіне толық қолдау көрсетеді» деді.

Шентоп Түркияның Украинаға қолдауының жалғасатынын және осы уақытқа дейін аймаққа 100-ге жуық гуманитарлық көмек көлігінің жіберілгенін түсіндірді.

Шентоп соғыстың тек Украинаға ғана емес, бүкіл әлемнің энергетика, азық-түлік, көлік сияқты көптеген салаларына кері әсер еткеніне назар аударып, Түркияның осы жаһандық мәселелерді шешу үшін күш жұмсап жатқанын тілге тиек етті.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Шентоп осы тұрғыда Түркияның арағайындығымен Қаратеңіз арқылы Украина астығы экспортының арқасында жаһандық азық-түлік дағдарысының салдарын жеңілдетуге үлкен үлес қосқанына тоқталды.

Түркияның дипломатиялық бастамаларына тоқталған Шентоп президент Режеп Тайып Ердоғанның Ресей Федерациясымен де жоғары деңгейде байланыста екенін білдірді.

Ресейдің қазір келіссөз үстелінен алыстағанына қарамастан бір сәтте келіссөз үстеліне қайта оралатынын атап көрсеткен Шентоп «Маңыздысы Украина үшін дұрыс уақытта сол үстелге отыру. Әрине осы уақытты Украина белгілейді. Түркия көршіңіз, стратегиялық серіктесіңіз, досыңыз және бауырыңыз ретінде бейбітшілік үшін барын салуға дайын» ​​деді.

Шентоп «Түркия ретінде бұл соғыстың Украинаның аумақтық тұтастығы негізінде әділ бейбітшілікпен, одан көп адам шығынсыз, тезірек аяқталуын қалаймыз. Бұл біздің ең басты тілегіміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар