Ердоған мен Әлиев баспасөз жиналысын өткізді

Әлиев өздеріне әділетсіздік жасағысы келетіндердің Түркия мен Әзербайжан одағын ойластыруы керектігін айтты.

1895674
Ердоған мен Әлиев баспасөз жиналысын өткізді

Президент Режеп Тайып Ердоған мен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев ортақ баспасөз мәслихатында:

«Біз Қарабах әрекет жоспары аясында барлық жобаларда, әсіресе ауыл шаруашылығы, жасыл энергия және ақылды қалалар бойынша Әзербайжанның жанында болуға дайынбыз» деді.

Президент:

"Армян басып алу кезеңінде Қарабахта жасалған күйретулер Гаага сотына жеткізіліп, өтемақы талап етілуі керек. Осылайша оларға бедел төлеткен жөн" деді.

Ердоған: "Әзербайжан-Армения және Түркия-Армения арасындағы қалпына келтіру үдерістері бір-бірін қолдайтын өреде ілгерілеуде, бұл мүмкіндікті ең жақсы түрде пайдалану керек» деп көрсетті.

Әзербайжан Президенті Әлиев:

"Түркия үлкен жобаларды жүзеге асыруда. Аймақта сөзі өтімді. Бұл әлемде маңызды күш орталығы. Бұл табыстар Режеп Тайып Ердоғанның еңбегімен болып жатқанын баршаның білгені жөн" деді.

Әлиев өздеріне әділетсіздік жасағысы келетіндердің Түркия мен Әзербайжан одағын ойластыруы керектігін айтты.



Ұқсас жаңалықтар