Ердоған Әзербайжанға іс сапармен барады

Президент Ердоған Зангилан Халықаралық әуежайының ашылу салтанатына Әлиевпен бірге қатысады.

1895109
Ердоған Әзербайжанға іс сапармен барады

Президент Режеп Тайып Ердоған Әзербайжан президенті Илхам Әлиевтің шақыруымен бүгін Әзербайжанға бір күндік жұмыс сапарымен барады.

Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Ердоған Әзербайжанның азат етілген жерінде түрік фирмаларының үлестерімен салынған екінші әуежай Зангилан Халықаралық әуежайының ашылу салтанатына Әлиевпен бірге қатысады және өңірді дамыту мақсатында қолға алынған жаңа жобалардың іргесін қалайды.

Сапар барысында өтетін екіжақты кездесулерде Түркия мен Әзербайжан арасындағы қарым-қатынастар барлық салалары бойынша қарастырылып, ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін басылатын қадамдардың талқылануы жоспарлануда.

Сондай-ақ өзекті өңірлік және жаһандық мәселелер мен екіжақты қарым-қатынастар бойынша пікір алмастырылады.



Ұқсас жаңалықтар