Кыркларелиде табылған мина жойылды

24 ақпаннан бері жалғасып келе жатқан Ресей-Украина соғысына байланысты аймақта бұрын да миналар табылған болатын.

1894908
Кыркларелиде табылған мина жойылды

Қаратеңізде Кыркларелидің Кыйыкөй қаласының маңында анықталған мина залалсыздандырылды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде:

«Кыйыкөй Кыркларели жағалауында мина табылуына орай Су асты қорғанысы топтары оқиға орнына тез арада жеткізілді. Мина Су асты қорғанысы тарапынан қорғалып, залалсыздандырылды» деп көрсетілді.

24 ақпаннан бері жалғасып келе жатқан Ресей-Украина соғысына байланысты аймақта бұрын да миналар табылған болатын.



Ұқсас жаңалықтар