Ердоған: "Еліміздің «Түркия ғасырына» дайындаймыз"

Президент Ердоған Чанаккале Айважык-Күчүккую жолы және Ассос пен Троя туннельдерінің ашылу рәсіміне қатысты.

1891457
Ердоған: "Еліміздің «Түркия ғасырына» дайындаймыз"
kazdagi tunel.jpg
erdogan.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркия Республикасының 100 жылдығын (29 қазан) кәдімгі мерейтойдан әлде қайда асып түсетін «Түркия ғасыры» секірісімен қарсы алуға дайындалып жатқандарын айтты.

Президент Ердоған Чанаккале Айважык-Күчүккую жолы және Ассос пен Троя туннельдерін салтанатты ашылу рәсіміне онлайн қатысты.

Ашылуға Президенттік сарайдан бейнеконференция әдісімен байланыс арқылы қатысқан Ердоған «Біз ашатын Айважык-Күчүккую жолы арқылы бұрын 50 минут болған жолдың ұзақтығы 5 минутқа қана қысқарып қоймай, әрі уақыттан, әрі жанармайдан жылына 133 миллион лира үнемдеуге мүмкіндік береді» деді.

Шебер шахматшының ұқыптылығымен елдің келесі ғасырын жоспарлап жатқандарын атап көрсеткен Ердоған «Республикасының 100 жылдығын (29 қазан) кәдімгі мерейтойдан әлде қайда асып түсетін «Түркия ғасыры» секірісімен қарсы алуға дайындалып жатырмыз. Ұлтымызды 2023 жылға арналған мақсаттарымыздың көкжиегімен жақындастырғанымыз сияқты, енді біз «Түркия ғасыры» бағдарламасымен 2053 көзқарасымызды құруды бастаймыз деп үміттенемін» деді.

Соңғы 20 жылда Түркияны әлемнің алпауыттары қатарына көтеру үшін қажетті инфрақұрылымды құрғандарын атап көрсеткен Айважык-Күчүккую жолы және Ассос пен Троя туннельдерінің қоса  жаңа бір көзқарас салып жатқандарын атап көрсеткен Ердоған «Бір жағынан жұмыс пен қызмет көрсету саясатымыздың жемісі ретінде бұл жобалардың барлығын салып іске қосуды жалғастырсақ, екінші жағынан жаңа көзқарас қалыптастырып жатырмыз. Бұл көзқарас Түркиядағы әрбір қаланың, ұлтымыздың әрбір мүшесінің және олармен бірге біздің барлық достарымыз бен бауырларымыздың армандары мен үміттерін ақтайтын боламыз. Әрдайым айтып жүргеніміздей «Түркия ешқашан шекарасынан шыққан ел емес». Ата-бабамыз үш құрлық пен жеті климатты жүрегіміздің шекарасы қабылдап кеңейтті» деді.



Ұқсас жаңалықтар