"Жастар үшін барлық мүмкіндіктерді жұмылдырдық"
Президент Ердоған Анкарада 2022-2023 жоғары білім беру оқу жылының ашылу салтанатына қатысты.

Президент Режеп Тайып Ердоған жастардың жоғары білім алуын жеңілдету үшін мемлекеттің барлық мүмкіндігін жұмылдырып жатқандарын айтты.
Президент Ердоған ел астанасы Анкарадағы «Бештепе Миллет» конгресс және мәдениет орталығында 2022-2023 жоғары білім беру оқу жылының ашылу салтанатында сөз сөйледі.
Билікке келген кезде Түркияны білім, денсаулық, әділет және қауіпсіздік негізінде құратындарын айтқандарын еске салған Ердоған: «Елімізде қандай шарттар болса да, 20 жыл бойы уәдемізде тұрдық. Осы төрт тақырыптан бастап Түркияны әр салада мүлде басқа позицияға көшірдік» деді.
Түркиядағы университет санын 76-дан 209-ға арттырғандарын айтқан Ердоған «Біз жастарымыздың жоғары білім алуына жағдай жасау үшін мемлекетіміздің барлық мүмкіндіктерін жұмылдырдық» деді.
Президент Ердоған университеттерде кейде наразылық тудырған «Студенттік тәртіп ережесін» де өзгерткендерін айтты.
Ұқсас жаңалықтар

"Израильдің жүздеген жалғанын әшкереледік"
Фахреттин Алтун «TRT World Forum 2023» беташарында сөйлеген сөзінде дезинформацияға тоқталды.