Түркияның Еуразиядағы орны ерекше

Үндістанда шығатын «Eurasian Times» басылымында жарияланған мақалада Түркияның Еуразиядағы бейбітшіліктің кілті екені баса айтылды.

1889911
Түркияның Еуразиядағы орны ерекше

24 ақпаннан бері жалғасып келе жатқан Ресей-Украина соғысында Түркияның президент Режеп Тайып Ердоған басшылығындғыа бітімгершілік талпыныстары мен дипломатиялық табыстары әлем жұртшылығының көңілінен шығуда.

Үндістанда шығатын «Eurasian Times» басылымында жарияланған мақалада Түркияның Еуразиядағы бейбітшіліктің кілті екені баса айтылды.

Орталық Азия бойынша сарапшы К.Н.Пандита Үндістанда орналасқан «Eurasian Times» үшін жазған мақаласында Түркияның стратегиялық ұстанымына назар аударды.

Түркияның Азия мен Еуропа арасындағы маңызды көпір екеніне назар аударған К.Н.Пандита елдің Шығыс пен Батысының Қаратеңіз бен Жерорта теңізін, Греция мен Сирияны байланыстыратын маңызды дәнекер екенін білдірді.

Пандита мақаласында «Түркия--НАТО мүшесі. Сонымен қатар  Ресеймен де жақсы қарым-қатынаста. Екі ел сауда және әскери келісімдер жасады. Олар көптеген салада ынтымақтастық жасауда» деген сөздерге орын берді.



Ұқсас жаңалықтар