Прагада үшжақты кездесу өткізілді

Еуропа Одағы комиссиясының төрайымы Урсула фон дер Ляйен Ердоғанмен «жақсы кездесу» өткізгендерін білдірді.

1889757
Прагада үшжақты кездесу өткізілді

Еуропа Одағы комиссиясының төрайымы Урсула фон дер Ляйен президент Режеп Тайып Ердоғанмен екіжақты қарым-қатынастар, Украина, энергетика және көші-қон тақырыптарын талқылағандарын білдірді.

Фон дер Ляйен Еуроодақ төрағасы Чехия премьер-министрі Петр Фиала және президент Режеп Ердоғанмен Еуропа саяси қоғамдастық  саммиті аясында Прагада үшжақты кездесу өткізді.

Кездесуден кейін әлеуметтік медиадан мәлімдеме жасаған фон дер Ляйен Ердоғанмен «жақсы кездесу» өткізгендерін білдірді.

Төрайым «Еуроодақ-Түркия қарым-қатынастары, Ресейдің Украинаға басып кіруі, энергетика және көші-қон туралы пікір алмастық» деген сөздер қолданды.

Фиала әлеуметтік желідегі мәлімдемесінде «Прагадағы саммитте Урсула фон дер Ляйен және президент Режеп Тайып Ердоғанмен Еуроодақ пен Түркия арасындағы екіжақты қарым-қатынастар, энергетика, газ жеткізу, көші-қон, сондай-ақ Украинадағы соғысты шешу және Түркияның осы үдерістегі рөлін талқыладық» деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар