ТҰҰМ төрағасы Шентоп Индонезияда

Мәжіліс төрағасы Шентоп Джакартада Әзербайжан, Индонезия және украин әріптестерімен бас қосты.

1889318
ТҰҰМ төрағасы Шентоп Индонезияда
sentop-ukrayna meclis baskani.jpg
endonezya maharani-sentop.jpg
azerbaycan Sahibe Gafarova-sentop.jpg

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Мұстафа Шентоп Үлкен жиырмалық елдерінің Парламент төрағалары саммиті аясында барған Индонезияның бас қаласы Джакартада Әзербайжан Ұлттық Мәжілісі төрайымы Сахибе Гафаровамен бас қосты.

Шентоптың Гафаровамен кездесуінде Түркия-Әзербайжан қарым-қатынастары мен аймақтық оқиғалар талқыланды.

Шентоп Индонезиямен байланыстары аясында осы елдің Өкілдер палатасы төрағасы Пуан Махаранимен де кездесті.

Мұстафа Шентоп Махаранимен кездесуінде Индонезияда білім беру атын жамылған Фетуллахшы террор ұйымына (FETÖ) тиесілі 11 мектеп бар екенін атап көрсетті.

Бұл мектептерді Түркияның Маариф қорына тапсырумен байланысты Индонезия билігін ынтымақтастыққа шақырған Шентоп «ФЕТО террористік ұйым болумен қатар, діни және рухани сезімдерді өз мүддесіне пайдалануда жетілген бір қылмыстық желі» деді.

Мұстафа Шентоп Украина Парламенті төрағасының орынбасары Олена Кондратюкты да қабылдап, Ресей мен Украина арасында тұрақты бейбітшілік үшін талпыныстарын жалғастыратынын баса айтты.



Ұқсас жаңалықтар