Швеция елшісі Сыртқы істер министрлігіне шақырылды

Ердоған мен Түркияға тіл тигізген сөздер мен суреттері бар бағдарламаның көрсетілуіне байланысты Швецияның Түркиядағы елшісі Херстрем Сыртқы істер министрлігіне шақырылды.

1888944
Швеция елшісі Сыртқы істер министрлігіне шақырылды

Түркия Швецияның Түркиядағы елшісі Стаффан Херстремді Сыртқы істер министрлігіне шақырды.

Швеция мемлекеттік телеарнасында президент Режеп Тайып Ердоған мен Түркияға тіл тигізген сөздер мен суреттері бар бағдарламаның көрсетілуіне байланысты Швецияның Түркиядағы елшісі Херстрем Сыртқы істер министрлігіне шақырылды.

Дипломатиялық дереккөздерден алынған мәліметке қарағанда Швеция мемлекеттік телеарнасындағы бағдарламаға қатысты Түркияның қатаң наразылығы Херстремге жеткізілді.

Дипломатиялық деректерде: «Президентімізге және елімізге қарсы айтылған орынсыз, әрі ұсқынсыз сөздер мен суреттерге жол берілмейтіні және мұндай басылымдарды сөз және баспасөз бостандығымен түсіндірудің мүмкін еместігі баса айтылды» деп көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар