Министр Акардан Грекияға наразылық

Хулуси Акар Ұлттық қорғаныс университетінің 2022-2023 оқу жылы салтанатты ашылуында үн қатты.

1889305
Министр Акардан Грекияға наразылық

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Грекияның әскери мәртебесі жоқ аралдарды қаруландыруына қатысты «Майданда да, үстелде де бір қадам артқа шегінуіміз немесе артта қалуымыз мүмкін емес» деді.

Хулуси Акар Ұлттық қорғаныс университетінде 2022-2023 оқу жылының басталуына орай ұйымдастырылған салтанатты ашылу рәсімінде үн қатты.

Грекияның тәртіпсіз, заңдарға қайшы және шындыққа жатпайтын мәлімдемелері және арандатушы ұстанымымен «жаман көршіліктің» үлгісін көрсеткенін атап көрсеткен Акар «Эгей байлығының халықаралық құқық және тату көршілік қарым-қатынастары аясында әділ түрде бөлінуін қалаймыз» деді.

Грекияның Түркияға қарсы шындыққа жанаспайтын айыптар таққанын, экспансионизмге жала жапқанын еске салған Акар «Грекия жала жабу және өтірік саясатымен өздерін құрбан көрсетуге тырысуда. Ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан «мегалиялық идея» (үлкен идея) бар. Мұны ешкім білмейді. Оларды тастап, өздерін құрбан және жазықсыз етіп көрсетуге тырысуда» деді.

Грекиядағы кейбір саясаткерлердің ішкі саясатта орын алу үшін үнемі Түркияға қарсы сөйлеп, өтірікке барғанын атап көрсеткен Ұлттық қорғаныс министрі «Майданда да, үстелде де бір қадам артқа шегінуіміз немесе артта қалуымыз мүмкін емес. Бір миллиметрді артқа шегіндіру жоқ, бұл үшін не істеу керек болса, жасалды және жасалуда. Атап айтқанда, Әскери-теңіз күштері мен Әскери-әуе күштеріне бұл жөнінде нақты нұсқау берілді. Бұл мәселеде түсіністік танытып, шегініс жасауымыз мүмкін емес» деді.



Ұқсас жаңалықтар