Ердоған Әлиев және Пашиниянмен сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Еуропа саяси қоғамдастығы жиналысы аясында лидерлермен кездесті.

1889469
Ердоған Әлиев және Пашиниянмен сөйлесті
erdogan macron cekya.jpg
erdogan cekya aliyev-pasinyan.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоған Чехияның астанасы Прагада өткен Еуропа саяси қоғамдастығы жиналысы аясында лидерлермен кездесті.

Прага сарайына барған президент Ердоған фойеде Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев және Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен біраз уақыт сөйлесті.

Ердоған Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан және Франция президенті Эммануэль Макронмен де әңгімелесті. Түрік Мемлекеттері Ұйымы туралы әңгіме барысында Ердоған Макронға «сені де алайық» деді.

Президент Ердоған бұдан кейін басшылармен бірге отбасылық суретке түсті.

Президент Ердоған 27 Еуропа Одағы (ЕО) елімен бірге Еуропа Одағы құрамына кірмейтін 17 Еуропа елі шақырылған шарада «бейбітшілік және қауіпсіздік» тақырыбындағы дөңгелек үстел жиналыстарына қатысады.

Еуропа саяси қоғамдастығы идеясын алғаш рет мамыр айында Франция президенті Макрон ұсынған болатын.



Ұқсас жаңалықтар