Ердоған «Түркия ғасырын» жүзеге асыратындарын айтты

Ердоған партиясының Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі топ жиналысында сөз сөйледі.

1888794
Ердоған «Түркия ғасырын» жүзеге асыратындарын айтты

Президент Режеп Тайып Ердоған соңғы 20 жылда елге ғасырлық еңбек мен қызметтерді әкелгендей «Түркия ғасырын» алдағы кезеңде ұлтпен бірге жүзеге асыратындарын айтты.

Президент, Әділет және даму партиясы төрағасы Ердоған партиясының Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі топ жиналысында сөз сөйледі.

15 маусымнан бері көптеген мемлекет іші және шетел бағдарламаларына қатысқанын, сондай-ақ осы бағдарламалар арқылы елге және ұлтқа қызмет етуді жалғастырғандарын атап көрсеткен Ердоған «Бір жағынан жұмыс пен қызмет көрсету саясатымыздың жемісі болып табылатын жобаларды халқымызбен бірге ашудың қызығын бастан өткердік. Екінші жағынан Түркияның халықаралық аренадағы күші мен ықпалын күшейтетін байланыстар жасадық» деп көрсетті.

«Біз уәде бергендей, үлкен және қуатты Түркияның әрбір кірпішін қалап келеміз.  Мығым қадамммен өсудеміз. Біз күніміздің әрбір сәтін, аптаның, айдың, жылдың әрбір күнін үлкен махаббатпен, ынтамен, жігермен және табандылықпен жұмыс істеу арқылы өткізудеміз» деген  Ердоған «Соңғы 20 жылда елге ғасырлық еңбек мен қызметтерді әкелгеніміздей Алла бұйырса алдымыздаңғы кезеңде де  «Түркия ғасырын» тағы да ұлтпен бірге жүзеге асырамыз» деген сөздер қолданды.

Президент (Маусым айында өтетін) сайлаудың ұранын «Түркия  ғасыры» деп белгілегендерін және соған сәйкес жұмыс істейтіндерін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар