Түркия Ливиямен өзара түсіністік меморандумына қол қойды

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу мәлімдеме жасады.

1888017
Түркия Ливиямен өзара түсіністік меморандумына қол қойды

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу "Түркия мен Ливия үкіметтері арасында көмірсутек саласындағы өзара түсіністік меморандумына" қол қойылғанын хабарлады.

Мевлүт Чавушоғлу ресми сапармен келген Ливияның бас қаласы Триполиде Ливия Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Некла Мангушпен бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді.

Түркияның Ливия халқына тұрақты бейбітшілік, тыныштық және салауатты өмірді мүмкіндігінше тезірек қалыпына келтіру үшін барлық қолдауды көрсетуге дайын екенін білдірген Чавушоғлу «Ливиямен қарым-қатынастарымыз күшін ортақ тарих, көршілік пен бауырластық байланысымыздан алады. Кездесулерде біз өзара қарым-қатынастарымызды одан әрі жетілдіруге ұмтылысымызды екі жақты бекіттік. Біз бүгін көмірсутек саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум мен хаттамаларға қол қойдық» деді.

Өзара түсіністік меморандумының баптарының нені қарастыратыны жөнінде қойылған бір сұраққа қайтарған жауабында министр Чавушоғлу «Құрлықта, теңізде және жауапкершілік алаңдарымызда түрік және ливиялық компаниялармен «екі жақты ұтымды» түсіністікпен ынтымақтасуды мақсат етеді» деді.

Жерорта теңізін барлық жағалау елдері үшін әділ пайдаланатын бейбітшілік теңізіне айналдыруға Түркияның табанды екенін баса айтқан Чавушоғлу «Осы себепті Президент Режеп Тайып Ердоған Еуроодаққа «Жерорта теңізінің шығысы конференциясын» бірге өткізу туралы ұсыныс жасады. Біз қазір бұл ұсынысқа Еуроодақтың оң жауап қайтаруын күтеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар